Қостанайда өлі табылған қыздың ағасы болған жайтты айтып берді
Екатерина Пудвильдің ағасы Валерий әлі болған оқиғаға сенбейді. 20 жасағы қыздың денесі өзен жағасынан табылды.
Фото: ok.ru
09:52 17.11.2018
Оны бір апта бойы іздеді, деп жазады Stan.kz.
Валерийдің айтуынша, отбасы тату-тәтті тұрған. 6 ағайынды болған. Катя тез тіл табысқыш еді.
“Даладан иесі үй жануарларын көрсе, үйге әкелетін. Анам оған рұқсат беретін. Достары көп еді. 7 қараша күні әпкем құрбыларымен қыдыруға кетті. Олар бір пәтерде болыпты. Ол жерде Катя қашып кектен. Оны іздегенімен, таба алмайды. Үйге де қайтып оралған жоқ”, – дейді ағасы.
Отбасы жақындары өзін қоярға жер таппай отыр. Сараптама нәтижесін күтуде.
Айта кетейік, 20 жастағы қызды 11 қарашадан бастап іздей бастады. Алайда 14 қараша күні кеше қыздың өлі денесі табылды.