Қостанайда мұғалімнің жағын сындырған оқушының әкесі түсінік берді — новости Казахстана

0

Қостанай қаласында мұғалімнің жағын сындырған қыздың әкесі Жанболсын Дукеев 22 қаңтарда орын алған оқиға туралы айтты. Ер азамат мұғалімді ұрып тастамағанын, тек қызына тіл тигізгені үшін бірнеше соққы дарытқанын жеткізді деп хабарлайды «Костанайские новости» сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: zib.com.ua

Көрнекі фото: zib.com.ua

Жанболсынның айтуынша, ол педагогты қатты ұрмаған, тек қызын ренжіткені үшін алақанымен мұғалімнің жағынан бірнеше рет салып қалыпты.

Оқушының әкесі дене шынықтыру пәнінің оқытушысы ұзақ уақыт өзінің кінәсін мойындамағанын айтты.

Тек қызы кіргенде ғана балағаттағанын растапты.

Әкесінің айтуынша, кейінірек тексеру кезінде педагог өзін жақсы сезінген, сынудың ешқандай белгілері болмаған.

Мектеп директоры ата-анадан шу көтермеуді, бұл істі сол жерде қалдыруды сұрапты.

Ер азамат әкімшілікпен кездесуге дайын болған, бірақ кейінірек дене шынықтыру пәнінің мұғалімі жағын сындырғаны туралы арыз жазғанын естіген.

3 сыныпта оқитын қыздың әкесі де осы жағдайға қатысты қарсы арыз қалдырған.

Енді бұл істі құқық қорғау органдары шешеді.

Дереккөз: kaz.nur.kz