Қостанайда коронавирус жұқтырған ерлі-зайыптылар Мысыр елінен оралған — Қазақстан жаңалықтары

Қостанайда коронавирус жұқтырған ерлі-зайыптылардың жақында Мысыр елінен келгені белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Коронавирус жұқтырған1990 және 2000 жылғы ерлі-зайыпты Тобыл қаласында карантиндік станционарда жатқан көрінеді. Екеуі де Қостанай қаласының тұрғындары.
«Бұл азаматтар бұрын ауырған науқаспен байланыста болған және Шарм-эль-Шейхтен (Мысыр) Алматы қаласына келген. Алматы қаласында алдын ала алынған талдаулар теріс нәтиже көрсеткен. Осыған байланысты олар тұрғылықты жері Қостанай облысына жол жүрген. Қазір ерлі-зайыптылармен бірге болған вагондағы 12 адам карантиндік госпитальға жатқызылды», – делінген ресми хабарламада.
Дәрігерлердің науқастар жағдайы қанағаттанарлық екендігін айтып кетті.
Өз кезегінде Қостанай облысының ақпараттық штабы тұрғындарды аурудың алдын алу шараларын сақтауға шақырып, үйден шықпауға кеңес берді.
stan.kz