Қостанайда көліктер өртеніп, адамдар көз жұмды – видео

0
Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

286 0 0

Қостанай облысында жол апатынан кейін екі көлік санаулы минутта өртеніп кетті, қаза тапқандар бар, дейді куәгерлер

АСТАНА, 20 желтоқсан — Sputnik. «Қашар – Рудный» тасжолында жеңіл және жол талғамайтын көліктің бетпе-бет соқтығысуы салдарынан кем дегенде бір адам көз жұмып, үшеуі ауыр жарақат алды, содан кейін екі көлік те отқа оранды.   

Жантүршігерлік жол апаты болған жерде түсірілген видеоны куәгерлер жіберді, деп жазды alau.kz порталы.  

Жол-көлік оқиғасына куә болған жүргізушілер зардап шегушілерге көмекке келіп, жапырылған автокөліктерден бірнеше адамды шығарып алған. Видеожазбадан жолда үш зардап шегуші жатқанын көруге болады. Апаттан кем дегенде бір адам көз жұмғаны туралы ақпарат бар.

Оқиға орнында түсірілген видеоларға қарағанда, жол талғамайтын көліктің жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кеткен.

Қостанай облысының полиция қызметкерлері таяу уақытта түсініктеме беруге уәде етті.    


Дереккөз: https://sputniknews.kz/