Қостанайда екі балықшы уланып көз жұмды

0
Қостанайда екі балықшы уланып көз жұмды


Қостанайда балық аулауға шыққан екі балықшы ысқа уланып, көз жұмды.

Оқиға Қостанай облысының Жанкелдин ауданында болған.

«27 қараша күні сағат 11.30 шамасында диспетчерлік қызметке  Жанкелдин ауданының Торғай селосынан 30 шақырым жерде екі балықшының көз жұмғаны туралы хабар түсті. Кейін Маусымбек қыстағының маңында балықшы шатырының ішінен 1954 және 1974 жылы туған ер адамдардың денесі табылды», — деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Балықшылардың ысқа уланып қалғаны белгілі болды. Алдын ала болжам бойынша, олар 5 литр пропанды пайдалану кезінде ақау шыққан. Қазіргі уақытта балықшылардың мәйіттері Жанкелдин аудандық орталық ауруханасының мәйітханасына жеткізілді.

Дереккөз: ҚазАқпарат