Қостанайда демалыс орнынан өрт шықты

0

2018 жылғы 11 желтоқсан 18:45 39

Қостанайда демалыс орнынан өрт шықты

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат — Бүгін Қостанай ауданындағы «Сильвер» демалыс орнынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық ТЖД таратты. Сағат 16:30 шамасында ведомствоның өртке қарсы қызмет бөліміне Қостанай ауданы Мичурин ауылындағы  «Сильвер» демалыс орнындағы мейрамхана шатырының  өртенгені туралы хабар келіп түскен.

«Оқиға орнына жеке құрамның 32 өрт сөндірушісі мен 8 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Басқа ақпараттар кейінірек белгілі болады», — делінген ТЖД баспасөз хабарламасында.

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz