Қостанайда бюджет қаражатын жымқырған мемқызметші ұсталды

0

2018 жылғы 11 желтоқсан 16:24 180

Қостанайда бюджет қаражатын жымқырған мемқызметші ұсталды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат — Қостанайда мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы директорының орынбасары 9 млн теңгеден қаражатты өзінің жеке есеп картасына аударып келген, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс деректерінде көрсетілгендей, аталған орталық директорының орынбасары 2017 жылдан бастап мекеменің қаржы-шаруашылық операцияларын өзі жүзеге асырып келген. Нәтижесінде оқытушыларға берілуі тиіс болған 9 млн теңгеден астам соманы өзінің жеке есеп картасына аударған. Кейін бұл қаражатты өз қалауы бойынша жұмсап отырған.

Экс-қызметкер төлеу қағазына жалған мәліметтерді, атап айтқанда, оқытушылардың жеке құжаттарын өзгертіп, өзінің карт-шотының нөмірін көрсеткен.

Бюджет қаражатын жымқырған әйел Қостанай қаласының № 2 сотының үкімімен кінәлі деп танылды. Оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Осы уақыт аралығында пробациялық бақылау орнатылды.

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz