Қостанайда 8 жыл күттірген үшем дүниеге келді

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Ерлі-зайыпты Николай мен Маринаның көптен күткен алғашқы перзенттері үшем болып жарық дүниеге келді

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Қостанай облысында жас келіншек екі ұл және бір қыздан құралған үшем босанды, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сүйенген alau.kz.

«Перзентханадағы медициналық-генетикалық және реанимация бөлімшесінің дәрігерлері мен медбикелеріне алғысымыз шексіз. Біз осындай білікті мамандардың арқасында бақытқа кенеліп отырмыз», – деді үшемнің анасы Марина Антуфьева.

Ерлі-зайыптылар сегіз жыл бойы перзент сүюге зар болған. Маринаның айтуынша, ата-анасын көп күттіріп туған үшем ЭКО көмегімен (экстракорпоральді ұрықтандыру – Sputnik) жарық дүниеге келген.

«Біздің қолымызда мемлекет тарапынан бөлінген квотамыз болды. Алғашқы әрекетіміздің өзі өте сәтті шықты. Дәрігер ультрадыбыстық зерттеумен тексергенде «егіз» деп айтты. «Рас па?» деп сұрағанымда: «Жоқ, үшем екен» деді. Қуаныштан көз жасыма ерік бердім», – дейді келіншек.

Оқи отырыңыз: Балаға берілетін жәрдемақы 2020: кімге, қалай және қанша төленеді?

Николай мен Марина 7 наурыз күні туған ұл-қызына Валера, Алеша және Лиза деп есім берген. Ал нәрестелердің салмағы 1 килограмм 930 грамм, 1 килограмм 785 грамм және 1 килограмм 795 грамм болған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, Қостанай өңірінде 2020 жылы ЭКО көмегін қажет ететін ата-аналарға 51 квота бөлінген.



sputniknews.kz