Қостанайда 50 жастағы ер адам жоғалып кетті

0
Қостанайда 50 жастағы ер адам жоғалып кетті


Қостанайлық тәртіп сақшылары 1968 жылы туған ер адамды іздеп жатыр.

Жақсылықов Жанболат Кеңесұлы 14 желтоқсан күні сағат 10:00-де Қостанай қаласындағы үйінен шығып кетіп, содан бері оралмаған. Қостанай қаласы ІІБ «Оңтүстік» бөлімі ер адамға қатысты мәліметтерді жариялады.

Бойы — 165-170 см, ірі денелі. Үстінде көк түсті шаңғы костюмі, қара түсті бас киім, угги етігі болуы мүмкін. Полицейлер із-түзсіз жоғалған ер адам туралы ақпарат білетін тұрғындардың мына байланыс нөмірлеріне хабарласуын сұрайды: 87021530201, 52-68-61, 52-68-50 және 102.

Дереккөз: ҚазАқпарат