Қостанайда 43 жастағы әкімінің орынбасары коронавирустан қайтыс болды
Арнайы құрылған комиссия өлімді зерттеп жатыр
Жангелді ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Төрбаев коронавирустық инфекциядан қайтыс болды.
Арнайы құрылған комиссия КВИ-дегі өлім жағдайын зерттеумен айналысады. Ол медициналық құжаттарды егжей-тегжейлі зерттейді және өлімнің мүмкін себептерін анықтайды.
Комиссия аяқталғаннан кейін толық ақпарат жарияланады.
Бақытжан Төрбаев 43 жаста еді.