Қостанайда 20 жастағы бойжеткеннің денесі табылды

0
Қостанайда 20 жастағы бойжеткеннің денесі табылды


20 жастағы Денисов ауданының тұрғыны Екатерина Пудвильдің денесі табылды.

20 жастағы Денисов ауданының тұрғыны Екатерина Пудвиль 7 қараша күні түнде үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарьдің айтуынша, із-түссіз жоғалған қыз өлі табылды. 

«Басқа да ақпараттар сараптамадан соң жарияланады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — деді Ирина Беженарь.

Полицейлер атап өткендей, бойжеткен бұған дейін үйінен ескертусіз кетпеген.