Қостанай тұрғыны өзгенің әмиянын аламын деп ауруханадан бір-ақ шықты

0

Төбелес кезінде 5,5 мың долларынан көз жазып қалған Қостанай тұрғыны күдіктіні өзі жазалаған

АСТАНА, 15 қараша — Sputnik. Қостанайдың №2 сотында 30 жастағы Жасұлан Рамазановтың қылмыстық ісі қаралып жатыр. Оған заң тәртібін бұзды деген айып тағылды.

«Вест» түнгі клубында жастар арасында жанжал шыққан. Төбелес кезінде Рамазановтың қалтасынан бір бума ақша – 5,5 мың доллар түсіп қалған. Оны Дамир Есімғалиев алып, ізін жасырмақ болған. Салдарынан Есімғалиев ауыр жарақат алып, ауруханадан бір-ақ шығады.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, Рамазанов Есімғалиевтің ізіне түскен. Жолда Ішкі істер департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі болып жұмыс істейтін ағасына хабарласады. Ол басқа бауыры Теміржан Рамазановқа автокөлік беріп, көмекке жіберген. Олар Есімғалиевті көлікке күштеп мінгізіп, ақшаның қайда екенін, досы қайда тұратынын айтуды талап етіп, ұрып-соққан, деп жазды kstnews.kz.

Дамир Есімғалиев қарақшылық жасағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотқа Рамазанов жәбірленуші ретінде қатысты. Енді заң тәртібін бұзғаны үшін өзі де қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр.