Қостанай облысының әкімі не үшін ақша жинап жатқанын айтты

0
17

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Архимед Мұхамбетов тамақ, киім-кешек, коммуналдық шығындарға көп ақша кететін айтты. Соңғысы үшін айына 40 мың теңгедей төлейді екен

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өз жалақысының көлемін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Ол құпия емес. Менің жалақым барлық алым-салықпен қоса шамамен 762 000 теңгеге жетеді. Ал үйдің коммуналдық шығындары үшін айына 40 мың теңгедей төлеймін», – деді Мұхамбетов астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Облыс басшысы айлықты киім-кешек пен тамаққа жұмсайтынын жеткізді. Ақшаны жинап жүргенін де айтып қалды. 

Тағы оқыңыз: «Оны кім тексереді?»: Архимед Мұхамбетов желіде тараған видеоға түсініктеме берді

«Дәл қазір айлығымды қалай жұмсайтынымды айта алмаймын. Енді, қарапайым адамның шығындары сияқты. Тамақ, киім-кешек, коммуналдық шығындарға көп кететін шығар. Әрине, кез келген адам сияқты ақша жинаймын. Өйткені балаларымның болашағын, ертеңгі күнді ойлаймын. Олар лайықты білім алуы тиіс», – деп атап көрсетті Мұхамбетов.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз