Қостанай облысының әкімі не үшін ақша жинап жатқанын айтты
Қысқа сілтеме алу
Архимед Мұхамбетов тамақ, киім-кешек, коммуналдық шығындарға көп ақша кететін айтты. Соңғысы үшін айына 40 мың теңгедей төлейді екен
НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өз жалақысының көлемін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
«Ол құпия емес. Менің жалақым барлық алым-салықпен қоса шамамен 762 000 теңгеге жетеді. Ал үйдің коммуналдық шығындары үшін айына 40 мың теңгедей төлеймін», — деді Мұхамбетов астанада өткен баспасөз мәслихатында.
Облыс басшысы айлықты киім-кешек пен тамаққа жұмсайтынын жеткізді. Ақшаны жинап жүргенін де айтып қалды.
Тағы оқыңыз: «Оны кім тексереді?»: Архимед Мұхамбетов желіде тараған видеоға түсініктеме берді
«Дәл қазір айлығымды қалай жұмсайтынымды айта алмаймын. Енді, қарапайым адамның шығындары сияқты. Тамақ, киім-кешек, коммуналдық шығындарға көп кететін шығар. Әрине, кез келген адам сияқты ақша жинаймын. Өйткені балаларымның болашағын, ертеңгі күнді ойлаймын. Олар лайықты білім алуы тиіс», — деп атап көрсетті Мұхамбетов.
sputniknews.kz