Қостанай облысының 500 діншілі Мемлекет басшысына сауда орталықтары мен интернет-сайттарға жұма сайын сауда-саттық ұйымдастыруға тыйым салуды сұрады

0

Қостанай облысының 500 діншілі Мемлекет басшысына сауда орталықтары мен интернет-сайттарға жұма сайын сауда-саттық ұйымдастыруға тыйым салуды сұрады, — деп жазды Гүлнар Бажкенова  Facebook парақшасында.

«Соңғы кездері елдегі діншіл адамдар біздің зайырлы мемлекетте өмір сүріп жатқанымызды ұмытып кеткен сыңайлы. Өйткені әдеттен тыс өтініштерін жиі айтуда.

Не қыз-келіншектердің арабша киінуіне үндейді, не ұлттық аспабымыз домбыраны харам деп жариялауды талап етеді. Ол ол ма?! Енді жұма күні сауда жасауға да тыйым салуда.

«Расында, Алла сендердің сыртқы келбеттеріңе де, мал-мүліктеріңе де қарамайды».

Исламда мұсылман болған жағдайда белгілі бір форма кию керек деген талап жоқ. Дініміз әр нәрсені өз орнымен қолдануға шақырады. Бұл киім-кешекке де тікелей қатысты.

Өткен аптада ғана Президентіміз Біріккен Ұлттар Ұйымында Құран мен басқа да дәстүрлі діндерді қорғап сөз сөйледі. Бірақ ол  бірлік, мәдениет және діни диалог туралы айтты.

Қазақстан халқы әртүрлі өркениеттер мен діндердің дәстүрлерін, толеранттылық пен ашықтық рухын бойына сіңірді. Сондықтан «әртүрліліктегі бірлік» принципі біз үшін негізгі болып саналады.

Бүгінде Қазақстанда
18 конфессия өкілдерінің 4000-ға жуық діни бірлестіктері еркін жұмыс істейді. Әрбір бірлестік ел басшылығынан діни ұстанымдарын орындауды талап ете бастаса, не болатынын елестетіп көріңізші?!

Әрине, қасиетті Құран кітабы араб тілінде жазылған. Бірақ бұл дініміз қазақтарды арабқа айналдырып жатыр деген сөз емес. Араб елдерінің менталитеті бөлек, мәдениеті басқа, сайып келгенде климаты да басқа.

Біздің халқымыздың өз мәдениеті, өз тарихы, өз тілі және дәстүрлі құндылықтары бар. Біз оны қолдауымыз керек және дамытуымыз керек.

Қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары сыпайылықтың, сыйластықтың, қонақжайлылықтың эталоны. Есіңізде болсын, қазақтың әйелдері мен қонақтары ең құрметті жерде отырады.

Сіз діндар бола аласыз, бірақ сонымен бірге өз халқыңыздың киімін кию дәстүрін сақтай аласыз. Қазіргі уақытта әйелдер мен қыздарға арналған орамалдардың алуан түрі, ұзын көйлектер мен камзолдардың үлкен таңдауы бар.

Әрине, біздің қазақ жігіттері қысқа балақты киген емес, өйткені біздің қыста қысқа балақты шалбармен күн кешу қиын. Шынымды айтсам, мен қысқа балақ, аяқтарына сүйретпе киген еркектерді мүлде түсінбеймін.  Арабтар сүйретпе киеді, өйткені мұнда жыл оны екі ай ыстық. Біздің жауынгерлердің әдемі тон қалпақтары, қалың шапандары және жақсы былғары етіктері бар суреттеріне қараңыз. Қазақтың жоңғарлармен шайқасқа қысқа шалбар киіп “Абылайлап” аттанатынын немесе «Әй, Жұма бүгін» деп айқай салып, малын далада қараусыз қалдыратынын елестете алмаймын.

Сондықтан тарихымыздың озық үлгілерін алып, білім деңгейін көтеріп, ғылымды дамытып, түптеп келгенде айналамыздағы мұқтаж жандарға қол ұшын беруіміз керек шығар.

Ислам — қараңғылық діні болмаған. Ол бейбітшіліктің, жақсылықтың, ең бастысы ғылымның діні. Орта Азия медреселерінің қабырғасынан көрнекті ғалымдар шықты. Әл-Фараби, Ибн Сина, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Йассауи бар ғұмырын, бар күшін туысқан халықтарды біріктіруге арнады, халықты толеранттылыққа шақырды.

Абайдың медресені бітіріп, халық ағартушылығын, халықтар достығын айтып, бос сөзді келемеждеп, адал еңбекті дәріптегенін білеміз. Міне, халқымыз осыдан үлгі алуы керек, — деді автор.

ақпарат: https://t.me/ystyqnews/1925

фото: pitbus.ru