Қостанай облысындағы қайғылы оқиғаның мән-жайы

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

40 0 0

Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-тармағына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталды 

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар — Sputnik. Қостанай облысының Тобыл қаласында полицей көз жұмды. Отбасында жанжал шығып, патрульдік полиция экипажы шақырылған. Полицей ер адамды ұстау кезінде жүрек тұсынан жарақат алып, қаза болды, деп хабарлайды Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 


©
Photo : Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

сержант Дархан Базарбаев

Көз жұмған сержант Дархан Базарбаев әріптесі Амангелді Сыздықовпен бірге жанжал шыққан үйге 6 минут ішінде жеткен. Бұған дейін сотталған 28 жастағы тұрғын екі пәтерлі үйде әпкесі, жездесі және олардың баласымен бірге тұрған. Мас ер адам оларды өлтіретінін айтып, қоқан-лоқы көрсеткен. Туыстары оны бір бөлмеге қамап, полиция шақырған.   

Дархан Сыздықов ер адамның қаруын алып қойған, алайда өзінің қалай жарақат алғанын сезбей қалды. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем 1995 жылы туған сержанттың көз жұмғанын айтты. Артында 4 айлық баласы қалған.

«Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-тармағына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталды. Қостанай облысы полиция департаментінің қызметкерлері сержант Дархан Базарбаевтың қаза болуына байланысты қайғырып көңіл айтады»,- деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 



sputniknews.kz