Қостанай облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Алдын ала мәлімет бойынша, 16 желтоқсанда күндіз «Қостанай-Әулиекөл-Сурган» автожолында, Қарасу ауданына қарасты Геркено ауылынан 10 шақырым жерде ірі жол апаты болды. Volvo және Toyota Alphard автокөліктері соғысқан.
Полиция Қылмыстық кодектің 345-бабы (абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) негізінде тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.