Қостанай облысында жантүршігерлік қылмысқа қатысты тың дерек шықты

0

Өңірде ұйымдасқан қылмыстық топ бірнеше жыл бойы жиырма шақты қызды құлдықта ұстаған. Іс облыстағы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта жабық түрде қаралды

НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек – Sputnik. Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында адамдарды сексуалды құлдықта ұстауға қатысты қылмыстық ісі қаралды, деп хабарлайды alau.kz порталы.

Өңірдегі полиция қызметі өткен жылдың басында рейд жүргізіп, 5 адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады. Күдіктілер бірнеше жол бойы Қостанайда 20-дан астам қызды құлдықта ұстаған. Қазіргі таңда бұл іс облыстағы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта жабық түрде қаралды. Сот үкімі осы жылдың қазан айында шығады.

«Дамыту» қоғамдық қорының төрайымы Нина Косюк қылмыстық іске қатысты жаңа деректермен бөлісті.

«Күдіктілер ата-анасымен қарым-қатынасы нашар болған қыздарды аңдыған. Сондай-ақ, ақшадан қысылып жүрген қыздардың ізіне түскен. Көп жағдайда қыздарды жас жігіттер пәтерге алып келген. Олар қыздарды сатқан, — дейді ол.

Қазіргі таңда жәбірленуші қыздың бірі қоғамдық қорда оңалту курсынан өтіп жатыр. Ол өзінің аты-жөнін жасырып, айтқан жоқ. Жәбірленуші 20 жасында құлдыққа түскен. Оның айтуынша, облыстағы ауылдардың бірінде тұрыпты. Күйеуі мен баласы болған. Алайда күйеуі өмірден өткен соң, баласымен жалғыз қалыпты.

«Мен не істерімді білмедім. Қалаға жұмыс істеуге келдім. Мұнда бір жігітпен таныстым. Ол маған жұмыс тауып беруге көмектесетінін айтты. Жігіт қыздарға үнемі жұмыс ұсынатын таныстары бар екенін жеткізген. Мен баламды туыстарыма қалдырып, бұл адамдарға өзім бардым. Ғимаратқа кірген соң, қайда келгенімді түсіндім. Бірақ олар маған бұл жерден шығуға мүмкіндік берген жоқ», — деді жәбірленуші болған жағдайды есіне алып.

Тағы оқыңыз: Бес жыл құлдықта болған Қарағанды тұрғыны басынан кешкен сұмдықты айтып берді

Ол өзіне және басқа қыздарға психологиялық қысым көрсетілгенін атап өтті. Тіпті, кейбір құлдықтағы адамдарды болған жағдайды балаларыңа, туыстарыңа айтамын деп бопсалапты. Сондай-ақ, күдіктілер қыздарды жиі ұрып соғып, жұмыс істегісі келмей, қашқандарды азаптаған.

«Бір күні ол жерден қашып кеттім. Бірақ олар мені ұстап алып, орманға апарды. Қазан айы болатын. Олар көр қазуға мәжбүр етті. Мен жерді қазып болған соң, маған «шешін!» деп бұйырды. Осыдан соң, мені жерге қараралас топырақпен көміп тастады. Мен онда қанша жатқанымды білмеймін. Кейін мені бұл жерден шығарып алды», — дейді құлдықта болған қыз.

Нина Косюк еліміздегі статистикалық мәліметке сүйене отырып, 18-25 жас аралығындағы қыздардың жиі құлдықта болатынын атап өтті. Ол мұндай қыздардың жоғары білімі жоқ, қиындыққа тап болғанын айтады.



sputniknews.kz