Қостанай облысында жаназаға дейін ас беруге тыйым салынды
Қостанай облысында жаназаға дейін ас беруге және бірнеше рәсімдерге тыйым салынды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өңірдің бас имамы Бектұрсын қажы Торғайбайұлы ысырапшылдыққа жол бермеу үшін марқұмды соңғы сапарға шығарып салмай тұрып, бір күн берілетін қонақ асы тоқтатылғанын айтты.
Аймақта жаназадағы кей рәсімдерге де шектеу қойылды. Мәселен, қонақ асындағы ас мәзірі бірдей болуы керек. Яғни дастарханға бауырсақ, нан, кәмпит пен өзге де тәттілер, су, шай және тек ыстық тамақ қана қойылуға тиіс. Сондай-ақ жаназаны жиналысқа айналдырмас үшін үш адамнан артық сөз сөйлеуге болмайды.
Марқұмның жылдық асында көрсетілетін видеороликтердің әуеніне де мән берілу керек. Видеода ішімдік пен ашық киінген адамдар болмағаны дұрыс дейді имам.