Қостанай облысында құдықтан өлі табылған нәрестеге қатысты жаңа деректер шықты

0
143

Көп ұзамай полицейлер нәрестенің анасы болуы мүмкін деген келіншекті ұстағандарын хабарлаған.

Қостанай облысында құдықтан өлі табылған сәбидің анасы болуы мүмкін деген 38 жастағы келіншектен ДНК сараптамасы алынды.

Оқиға 2018 жылдың сәуір айында Федоров ауданындағы Кенарал ауылында болған, деп жазады caravan.kz.

Әскери қызметкер құдықтан жаңа туған сәбидің өлі денесін тауып алған. Көп ұзамай полицейлер нәрестенің анасы болуы мүмкін деген келіншекті ұстағандарын хабарлаған.

Жаңа туған сәбиін өлтіру бабымен бұған дейін қылмыстық іс қозғалған. Сотқа дейін 2 сараптама жүргізілді. Бірі баланың өлі туғанын, екінші ДНК сараптамасы күдікті келіншектің сәбиге қатысы жоғын дәлелдеді.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/