Қостанай облысында індеттен көз жұмған адамға қатысты деректер мәлім болды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Жетпіс бес жастағы науқас коронавируспен ауырған адаммен байланыста болмаған әрі Жетіқара қаласынан шықпаған

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы коронавирустан қайтыс болған ер адам туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Басқарма басшысы Вячеслав Дудниктің айтуынша, 12 сәуірде Жетіқара қаласының екі тұрғыны – 1945 жылғы ер адам мен 1955 жылғы әйел жедел жәрдеммен ауруханаға жетізілген. Екеуінің де дене қызуы мен демікпесі болған.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 15-ші адам көз жұмды

«Пациенттер аурудың алғашқы белгілерін 5 сәуірде байқаған. Бірақ, медициналық көмекке жүгінбеген. Екеуі де коронавируспен ауырған адаммен байланыста болмаған әрі Жетіқара қаласынан шықпаған. Алайда, сынама кезінде екеуінен де коронавирус табылды», – деді Дудник.

Оның түсіндіруінше, кеше ер адамның жағдайы күрт нашарлап, дене қызуы 39 градусты көрсеткен.

«Бүгін таңертең интубация жасалды. Науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Жүрегі тоқтап қалғаннан кейін реанимациялық шаралар атқарылды. Өкінішке қарай, таңғы 8:30-да ер адам қайтыс болды. Ал 1955 жылғы әйел Жетіқара қаласының инфекциялық ауруханасында жатыр. Жағдай орташа ауыр», – деп атап көрсетті Дудник.



sputniknews.kz