Қостанай облысында ер адам күйіктен қайтыс болды

0

Қостанай облысында ер адам күйіктен қайтыс болды. Қайғылы жағдай Жітіқара ауданындағы ауылдың бірінде болған. Өрт таңертең шығыпты. Үй толығымен жанып кеткен. Жалын 30 шаршы метр аумақты қамтыған. Оқиға орнынан денесін күйік шалған ер адамның мәйіті табылды. Құтқарушылардың мәліметінше, өрт электр сымдарын дұрыс пайдаланбағандықтан шыққан. 

Дереккөз: sn.kz