Қостанай облысында 17 жастағы қыз жоғалды

0
0

Қостанай облысы Қостанай ауданында полицейлер 17 жастағы Арузат Құрманғалиеваны іздеп жатыр.

«2020 жылғы 4 қазанда Полиция бөліміне Заречный ауылының тұрғыны хабарласқан. Ол 2003 жылы 30 қыркүйекте туған қызы Құрманғалиева Арузат Әзірхановна үйден шығып кеткеннен оралмағанын айтқан», – делінген аймақтағы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қыздың үстінде көк түсті күртеше, көк джинсы, аяғында кроссовки болған. Кәмелет жасына толмаған қыздың қайда екенін білетін азаматтар полицияның 102 нөміріне хабарласуға болады.

«Наша Газета»

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз