Қостанай әуежайына қонған ұшақтың дөңгелегі жер астына түсіп кетті
Қысқа сілтеме алу
Ұшақ «Нұр-Сұлтан — Қостанай» рейсін орындаған. Оқиға салдарынан зардап шеккендер туралы хабар жоқ
НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Қостанай әуежайындағы ұшу-қону жолағының асфальт-бетон жабыны «Эйр Астана» әуе компаниясы ұшағының салмағына шыдамай, жарылып кетті, деп хабарлады азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.
Жолаушылар мінген ұшақ пен тікұшақ соқтығысты — жантүршігерлік видео
Ведомство мәліметіне сүйенсек, Нұр-Сұлтан қаласынан Қостанайға ұшып келген А-320 ұшағы қона берген кезде шассиінің сол жақ тағаны ұшу-қону жолағының асфальт-бетон жабыны астына түсіп кеткен. Оқиға 17 сәуір күні сағат 10.40-та болыпты.
Белгілі болғандай, ұшақ қонар алдында ұшу-қону жолағы мен перронда тазарту жұмыстары жүргізіліпті.
Ең бай бизнесмендердің бірі ұшақ апатында қаза тапты
«ҚР ақпарат және инфрақұрылымдық даму министрлігі азаматтық авиация комитеті арнайы ұйымды жұмылдыра отырып, перронның төзімділігін тексеруге және ұшақтың неге асфальт астына түсіп кеткенін анықтауға шұғыл тапсырма берді», — делінген комитет хабарламасында.
Жантүршігерлік ұшақ апаты: ерлі-зайыпты өлер алдында видео жариялаған
Айта кетсек, қазір әуе айлағын қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді, бірақ оқиға болған жерді әлі жөндеп үлгермепті.
sputniknews.kz