Қоштасқым келмейді: Аягүл Мантайдың сіңлісі әпкесін еске алып елді жылатты

0
421

Аягүл Мантайдың сіңлісі Тоты Мантай марқұм әпкесін еске алып елді жылатты.

“Қоштасқым келмейді! 34 жыл Ая әпкем, маған өзіңдегі бар мейріміңді бердің. Маған жүруді, сөйлеуді, өмір сүруді үйреттің. Соңғы күндеріңде де мені ойлап қолыңнан келген бар көмегіңді жасап жүрдің. 34 жыл маған қуанышты, бақытты сәттерді сыйладың. 34 жыл мені үнемі қолдап, қорғап жүрдің. Қазір де менің қасымда мені қолдап, қорғап жүргеніңді сеземін, білемін”, – деп жазды Тоты Мантай желідегі парақшасында.

Желідегі оқырмандар басу айтып, ізгі тілегін жазып жатыр.

“Алла панасына алсын. Бір Аягүл бар қазақтың мұңын арқалап кетті. Менің ауылым жақтан екен. Кеш біліп, өкініп қалдым. Шығармашылығы * жазушының екінші мәңгілік ғұмырына айналды”. “Иманы жолдас болсын,анаң екеуіңе қайғыра көңіл айтамын.

Әлі күнге сенер емеспін…өте өте өкінішті”, “Тоты, анаң екеуіңе Алла сабыр берсін. «Тас түскен жеріне…» дегенмен, бұл қаза – қазақша ойлайтын, қалам ұстайтын, сөз қадірін білетін қауымға ортақ қайғы. Аяшты сақтай алмағанымыз өкінішті… Бекем бол!”, “Иманы жолдас болсын! Екі жыл көрші турдық, артық сөзін артық қылығын көрмедік, куліп қана журетін, Алла сабыр берсін, Тоты!”, – деп жазды олар.