«Қош келдің, балам»: Актриса Әсел Асқар ұлды болды (фото)

0

Қазақстандық танымал актриса Әсел Асқар екінші баласын дүниеге әкелді. Желі жұлдызы тағы да ұлды болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қуанышты хабарды өнер иесінің өзі Instagram парақшасында жеткізді. Оған қоса, Әсел Асқар перзентіне қандай есім бергенін де жария етті. Желі жұлдызы баласын Айбарс деп атаған. Сонымен қатар, ол перзентханадан алғашқы фотолармен бөлісті. «Қош келдің, Айбек Айбарс Айбекұлы. 25 сағат толғатып, екінші мәрте ана атандым. Жаратушыма балам үшін рахмет», — деп жазды жұлдызды ана. Желі қолданушылары Әсел Асқарды жарыса құттықтап, перзенті екеуіне ақ тілектерін жолдады. «Бауы берік болсын», «Құттықтаймыз Әсел. Біз сіз үшін қуаныштымыз», «Қандай бақыт. Бәрімізге жұғысты болсын», «Балаңыз үлкен азамат болсын», «Қандай қуаныш. Бақытты болыңыздар», «Бастысы денсаулықтарыңыз мықты болсын. Ұлыңыздың қызығына тоймай жүре беріңіз», — деп жазуда халық. Айта кетейік, бұл Әсел Асқардың екінші ұлы. Өнер иесі екінші мәрте тұрмысқа шықты. Оның бірінші некеден тағы бір ұлы бар.