«Қос билік» туралы қауесет: Назарбаев сұқбат берді

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Сұқбат барысында Елбасы президент өкілеттігін мерзімінен бұрын неге тоқтатқанын да түсіндіріп өткен

НҰР-СҰЛТАН, 10 қазан – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» телеарнасына сұқбат берді.

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай твиттердегі парақшасында хабарлады .

«Елбасы «Хабар» телеарнасына сұқбат берді. Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев «қос билік» жайлы қауесетке қатысты түсініктеме беріп, президент өкілеттігін неге тоқтатқанын айтты», — деп жазды ол.

Твиттерде Назарбаевтың журналистерге берген сұқбатынан үзінді жарияланды. Сұқбаттың толық нұсқасы «Хабар» телеарнасынан ертең кешкі сағат 21:30-да көрсетіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев  2019 жылдың 19 наурызында өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтататынын мәлім етті. Ол Қазақстанды отыз жылдай басқарды. Елбасы бір сұқбатында президенттік өкілеттігін тоқтатуға үш жылдан астам уақыт дайындалғанын айтқан болатын.

2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс президент сайлауы өтіп, Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті.



sputniknews.kz