Қос балуанымыз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

0

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының балуандары 20 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Испанияның Понтеведре қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында екі грек-рим күресінің шебері қола жүлдеге қол жеткізді. 55 келі салмақта жартылай финалда америкалық қарсыласына есе жіберген Айбек Айтбеков қола жүлде үшін белдесуде молдовалық Максим Сармановты 10:1 есебімен жеңді. Сондай-ақ 87 келі салмақта сынға түскен Темірлан Тұрдақын да әлем чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді. Қола медаль үшін күресте Темірлан армениялық Рубен Геворгянды жеңді.

Айта кетейік, бұған дейін Ризабек Айтмұхан бастаған еркін күрес шеберлерінің құрамы мен қыздар құрамының анықталғанын жазған едік.