«Қортық болып қалатынмын»: Әли Оқапов 12 жыл бұрынғы фотосын бөлісті
“Құрмет” орденінің иегері, әнші Әли Оқапов осыдан 12 жыл бұрынғы фотосын көрсетіп, бейнебаян түсірген сәтін есіне алды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі өз бейнебаянына актриса Аружан Жазылбековамен түскенін, сол сәттегі қызық оқиғасын айтып берді.
“12 жыл бұрын осы ән менің ең алғашқы қадамымның бірі болды. Әннен бөлек, бейнебаян да ерекше естелік болып қалды. Актриса іздегенде YouTube-қа жай ғана «Актрисы Казахстана» деп тердік. Сол кезде бүкіл жас актрисалар түскен бір бағдарлама шықты. Бағдарламаны көріп біткенде менен «кімге хабарласамыз?» деп сұрады. Мен «Жүргізушіге» дедім, сол бағдарламаны Аружан Жазылбекова жүргізді. Ақыры бейнебаянның бас кейіпкері болды», – деп жазды әнші актрисамен бірге түскен суретінің астына. Одан кейін әнші әріптесінен қысқа болып қалғанын айтып, тыңдармандарын күлдірді.
«Қызық факт: Біз кадрда бірге тұрғанда, Аружан биік өкшелі аяқкиімін шешуге мәжбүр болды. Өйткені табиғи бойымыз бірдей, ал ол биік өкшелі аяқкиім киіп тұрғанда мен қортық боп қалатынмын қасында. 12 жыл өтіп, осы әнді қайта өңдеп, дауысын жазып, жаңа нұсқасын ұсынып отырмын», – деп әнші жақсы жағалығын бөлісті.