Қоршаудан секіріп өтіп, ұстап алған: Елордада мектеп жұмысшысы қызды зорламақ болған ер адамды ұстады — Қазақстан жаңалықтары

0

Елордада №83 мектептің шаруашылық меңгерушісі қызды зорламақ болған ер адамды ұстап алған. Мектептегілер Любовь Шаукалованы марапаттады.

Қоршаудан секіріп өтіп, ұстап алған: Елордада мектеп жұмысшысы қызды зорламақ болған ер адамды ұстады

Сурет: «Елорда Инфо»

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Елорда Инфо» басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Білім мекемесіндегілер мектептің ауласында ішімдікке тойып алған ер адам зорлай жаздаған қыздың оқиғасын айтып берді. Ер адам қызға тап берген кезде, жанында ата-аналар болған екен. Олар көмек сұрап айқайлап, мектептің аумағына жүгірген. Осы кезде шаруашылық меңгерушісі Любовь Шаукалова олардың айқайын естіпті. 

«Ол қорықпастан ер адамның артынан жүгірді. Тіпті, қақпадан секіріп өтті. Мұның қалай болғанан елестете де алмаймын. Ол ер адамды қуып жетіп, тоқтатып, онымен сөйлесіп, тыныштандырды. Ер адам мас болған екен. Ол, тіпті, ер адамды суретке түсіріп үлгеріпті. Мұнан кейін мектептің аумағына қайтып келды. Осы кезде полицейлер де жетті. Яғни ер адам 200 метр жерге қашып үлгергендіктен, біздің қызметкеріміз оны ұстауға көмектесті», — дейді мектеп директоры Сәуле Теменова. 

Елордалық білім басқармасындағылар Любовь Шаукалованың барлық мектепке үлгі болатын әрекет жасағанын атап өтті.

«Өкінішке орай, мұндай жағдайлар болады. Любовь Шаукалованың тәрбиелеу процесіне қатысы болмаса да, ол мектепте жұмыс істеп, үнемі балалардың ортасында жүргендіктен, сақтығы мен жауапкершілігі көмектесті. Ол мектепте жұмыс істейтін адам ретінде белсенді азаматтық ұстанымын көрсетті. Біздің мектепте осындай адамдар қызмет ететініне қуаныштымыз. Барлық мектеп үшін үлгі. Кім болып жұмыс істейтініңе қарамастан, балалар үшін жауапты болу – бұл ең басты нәрсе», — дейді білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин.

Ал Любовь Шаукалова қарапайымдылық танытып, кез келген адам осындай қадамға барар еді, дейді. 

«Мен сол уақытта сол жерден табылдым. Ерекше ештеңе жасамадым. Өзімді батыр сезінбеймін. Тек сол маңда болдым», — дейді ол. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында ер адамның тапа-тал түсті студент қызды зорламақ болғанын хабарлаған едік. Сол маңда болған куәгер оқиғаның қалай болғанын айтып берді

stan.kz