«Қорқыт атаға ұқсап қалдыңыз»: Мадина Сәдуақасованың суреті желіде қызу талқыға түсті (фото)

0

Әнші Мадина Сәдуақасова әлеуметтік желіде көпшілікке жаңа фотосессиясын бөлісті. Өнер иесі Instagram парақшасында оқырмандарынан өзін кімге ұқсатқанын сұрады, деп жазады Kznews.kz KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

«Жаңа жылдық кино. Ертегіде аязды күні далада қалып қойған адамдарды құтқаратын перімін бе? Сиқыршымын ба? Мені қалай атауға болады? Көлігі жүрмей қалғандарды күтіп, орманда отырмын», — деп жазды Сәдуақасова.

Ал желі қолданушылары әншіні түрлі аңыз кейіпкеріне ұқсатты. «Қорқыт атаға ұқсап қалдыңыз», «Ақшақар секілдісіз», «Ертегідегі мұз патшайымға ұқсайсыз», «Сиқыршы секілдісіз», «Мен әулие аталарға ұқсаттым», — деп пікір білдірді желі қолданушылары. 

фото: instagram.com/sadvakasovamadina