Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

23-24 қарашада Астанада жойғыш ұшақтар ұшырылады
23-24 қараша күндері Астана қаласында жойғыш ұшақтар ұшыру жоспарланған. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Kznews.Kz.
Министрліктің мәлімдеуінше, бұл іс-шара Қазақстан Әуе қорғаныс күштерінің оқу-жаттығу бағдарламасының бір бөлігі саналады. Оның барысында арнайы түтін шлейфтері көрсетіледі.
«Жойғыш ұшақтардың ұшулары қауіпсіз биіктікте өтеді және қала тұрғындарының күнделікті өміріне еш кедергі келтірмейді. Іс-шара қатаң қауіпсіздік талаптарына сай ұйымдастырылып, халыққа ешқандай қауіп төндірмейді. Қолданылатын түрлі-түсті түтіндер экологияға зиян келтірмейді», – делінген хабарламада.
Қорғаныс министрлігі тұрғындарды тыныштық сақтауға және іс-шара барысында алаңдамауға шақырды.