Қорғаныс министрлігі Қазақстан екі тарапты да қолдамайтынын айтты

0

Cенат отырысында Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов Украинадағы жағдайға қатысты Қазақстанның ұстанымын айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

«Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың Қазақстанға еш қатысы жоқ. Біз екі тарапты да қолдамаймыз, бұл тұрғыда сұрақ туындамауы керек», — деді Қорғаныс министрінің орынбасары.

Қамалетдинов Қазақстан қарулы күштерінің ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайындығы туралы сұраққа да жауап берді.

«Әрине, бұл мәселе барлығын алаңдатады. Кешегі кездесуде министр сендіргендей, Қарулы күштер өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға дайын деп үміттенеміз. Қауіп қайдан келіп жатқанын қарауымыз керек. Егер ол сырттан келетін болса, әрине, біз ҰҚШҰ-ға кіретін мемлекет ретінде көмек көрсететін ұжымдық жедел күштерді пайдаланамыз», — деп түйіндеді сөзін Сұлтан Қамалетдинов.