Қорғаныс министрлігі МиГ-31 ұшағы апатына байланысты мәлімдеме жасады

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Әскери ұшқыштар тұрғындарға қауіп төндірмеу үшін ұшақты ауылдан алысқа, жазық далаға бағыттаған. Екеуі де ем қабылдап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Қорғаныс министрлігі МиГ-31 ұшағының құлауына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы Нұрлан Орманбетовтың айтуынша, әскери ұшақ аспанға кешкі сағат 19:03-те көтерілген. Сол кезде бір қозғалтқыштан өрт шыққан. 

«Бұл ұшақ 1991 жылы наурызда Ресей Федерациясының Нижний Новгород қаласындағы «Сокол» авиациялық зауытында шығарылған болатын. Апатқа ұшырағанға дейін  29 жыл қолданыста болған. Өзінің ресурсы – 30 жыл. Демек, ұшақтың ресурсы келесі жылы – 2021 жылда таусылады», – деді Орманбетов бүгінгі онлайн брифингте. 

Оның сөзіне қарағанда, 2013 жылы апатқа ұшыраған МиГ-31 күрделі жөндеуден өткен болатын. Оны Ресейдің Ржевск қаласындағы №514 зауытынының мамандары жасаған. Күрделі жөндеуден кейін ұшақты қолдану мерзімі 8 жыл, яғни 2021 жылға дейін белгіленген.   

«Қазіргі кезде тергеу комиссия құрылды. Ол өз жұмысына кірісті. «Миг-31″-ті ұшыру шаралары уақытша тоқтатылды. Тергеуге ұшақты құрастырған кәсіпорынның мамандары тартылады», – деп атап көрсетті Орманбетов. 

Тағы оқыңыз: «Әділбекті неге қорғай алмадық?» Депутат әскери ұшқыштардың азаю себебін түсіндірді

Айта кетейік, кеше Қарағанды маңында әскери ұшақ апатқа ұшырады. Оқиға Қарағанды аэродромының оңтүстігінде болған. Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін қозғалтқыштардың бірінен өрт шыққан.

Катапульталануға бұйрық алғаннан кейін әскери ұшқыштар ұшақты ауылдан алысқа, жазық далаға бағыттаған. Экипаж тұрғындарға қауіп төндірмейтініне көз жеткізгеннен кейін катапульта жасаған. Ұшқыштар аман.

 



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз