Қорғаныс Министрлігі: Биыл елордада Жеңіс күніне арналған әскери парад өткізілмейді

0
49

Биыл елордада Жеңіс күніне арналған әскери парад өткізілмейді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«2022 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған әскери парадты өткізу жоспарда жоқ», — делінген Қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада.

Министрлік парад ұйымдастырылмағанмен мерекеге орай әскери-патриоттық іс-шаралар өткізу жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Олардың арасында Ұлы Отан соғысының және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ардагерлерін құрметтеу жөніндегі жиындар да бар.

Қорғаныс министрлігі еліміздің барлық өңірінде 50-ге жуық түрлі іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.

Дегенмен мерекеге орай әскери-патриоттық іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр

(Ақпарат: azattyq-ruhy.kz, фото: sputnik.kz)