Қорғаныс министрлігі арнайы жиынға кімдерді шақырмайды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

6 0 0

Арнайы жиынға шақырылған әскерилер казармада жатпайды. Күндіз әскери қызметін атқарса, кешке үйіне қайтады

НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір — Sputnik. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев арнайы жиындарға кімдер шақырылмайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, әскери қызметке тіркеуде тұрған және денсаулығы дұрыс азаматтар шақырылады. Алайда, арнайы жиындарға қатыспайтындардың да тізімі бар.

«Заң бойынша арнайы жиындардан азаматтардың бірнеше тобы босатылады. Олар – қорғаныс, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін мемлекеттік органдарда істейтіндер, авиация қызметкерлері, егістік жұмыстарына қатысатындар, педагогтар, күндізгі бөлімде оқитындар, әйелдер, 18 жасқа дейін үш және одан көп баласы бар азаматтар, сондай-ақ, тергеуге ілінген адамдар. Сонымен қатар, жергілікті органдардың депутаттары әскерге шақырылмайды», – деді Ермекбаев бүгінгі онлайн брифингте.

Оқи отырыңыз: Үш айға дейін созылады — әкімдер әскери міндеттілерді жиындарға шақыруы мүмкін

Министрдің сөзіне қарағанда, арнайы жиындарға шақырылатын азаматтар тұрғылықты жері бойынша жұмыс істейді. Әскери казармада жатпайды. Күндіз әскери қызметін атқарса, кешке қарай үйіне барады.

 



sputniknews.kz