қорғаныс министрінің орынбасары қару-жарақ туралы түсініктеме берді

0

Қазақстанның қорғаныс министрлігі Арыстағы төтенше жайттың себебі туралы қауесеттен аулақ болуға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Қазақстандағы қару-жарақтың жартысы кеңес дәуірінде жасалған. Бұл туралы Қазақстанның қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Тимур Дәндібаев сенат кулуарында айтты.

Қорғаныс министрлігі басшысының орынбасары Түркістан облысындағы әскери бөлімде болған жойқын жарылыстың себебі туралы тілшілерге пікір білдірді.

Тағы оқыңыз: Арыстағы жарылыс: зардап шеккендердің жағдайы қалай?

Дәндібаевтың айтуынша, қазір өңірде арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр, оқиғаның себебін солар анықтайды.

«Бізде күнде бірдеңе жарылады деуге болмайды. Төтенше оқиғалар бізде ғана емес, басқа елдерде де болады. Қару-жарақ, әскери техника бар жерде үнемі қауіп бар. Себебін анықтаймыз», – деп мәлімдеді министрдің орынбасары.

Тілшілер «қоймадағы ескі қару-жарақ жарылысқа себеп болды ма?» деп сұрағанда, министрдің орынбасары республикада әлі күнге дейін кеңес заманынан қалған қару-жарақ бар екенін атап өтті.

«Біз жарамдылық мерзімі өткен қару-жарақ пен оқ-дәрі түрлерін жойып отырамыз. Бұл өте қымбат тұратын процесс», – деп хабарлады Дәндібаев.

Оның айтуынша, қазір Қазақстандағы қару-жарақтың 50 проценті кеңес дәуіріне тиесілі.

Сонымен бірге қорғаныс министрінің орынбасары айтқандай, әзірге бірдеңе айтуға ерте, жарылыстың нақты себебі арнайы комиссияның қорытындысынан кейін белгілі болады.

Арыстағы төтенше жағдай

24 маусымда Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жойқын жарылыс болды. Қорғаныс министрлігі оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатқанын хабарлады.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев оқиға орнына барған. Қазір арнайы штаб құрылып, әскерилер мен құқық қорғау органдары төтенше жайт салдарымен күресіп жатыр.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, тұрғындар үш бағытта лагерьлерге орналастырылады:

  1. Ақдала бұрылысы;
  2. 41 разъезд;
  3. Водозобор.

Осы үш бағыт бойынша әскери көліктер, жүк көліктері мен арнайы жасақ жұмылдырылып жатыр. Лагерь басында тұрғындарды аудан әкімдері қарсы алып, жайғастырады.

Әлеуметтік нысандарды (аурухана, балалар) полиция қызметкерлері көшіріп жатыр. Сондай-ақ Отырар мен Ордабасы аудандарында 100 орындық екі госпиталь ашылды. Қосымша 30 жедел медициналық көлігі жұмыс істеп жатыр.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз