Қорғаныс министрі Жамбыл облысында жарылыс кезінде жоғалған қызметкер туралы пікір білдірді

0

«Мен оның туыстарымен кездестім. Біз қыс мезгілінде ауа-райының қолайсыздығына байланысты іздеуді тоқтатқанымыз туралы айттым. Жақында кәдеге жарату жұмыстарын бастадық, сәйкесінше қызметкерді іздеу жұмыстары басталды. Егер ол жарылыс болған жерде болса, одан еш нәрсе қалмады ғой», — деді министр.

Оның айтуынша, жұмыс көлемі өте ауқымды. Мамандар жерді тексеру және елеу жұмыстарын жүргізуі керек.

«Бұл үлкен шығын. Атқарылатын жұмыстар жеткілікті. Біз қызметкердің отбасынан қайтыс болды немесе хабарсыз кетті деп тану туралы ұсыныс жасадық. Егер солай деп танысақ мемлекет тарапынан төлемдер болатын еді. Бірақ отбасы келіспеді. Әрине, отбасын түсінеміз, сондықтан іздеуді жалғастырып жатырмыз. Іздеуді тек біз ғана емес, ішкі істер органдары да жүргізіп жатыр», — деді Жақсылықов.

Журналистер министрден әскери қызметкердің қашып кету ықтималдығы қандай деп сұрады.

«Қайда қашып кетеді? Конспирация теориясын қарастырмай-ақ қояйық (қарап көрейік. — Ескертпе) және жұмыс нұсқаларын әзірлейік», — деп сұрады министр.

(ақпарат: tengrinews.kz, фото: gov.kz)