қорғаныс министрі ұшқыштардың отбасыларына көмек көрсетуді тапсырды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Жоспарлы ұшуды орындаған экипаж катапульта жасап үлгерді, алайда әскерилер жарақат алған. Екі ұшқыш та тәжірибелі екені хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев аппарат отырысында МиГ-31 ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан зардап шеккен әскери ұшқыштардың отбасыларына қажетті көмек көрсетуге нұсқау берді.

Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, әскери басшылыққа Қарағанды түбінде МиГ-31 әскери ұшағының құлауымен байланысты әуе апатын мұқият және қысқа мерзімде тексеру тапсырылды.

Әскери ұшақ құлады: ұшқыштардың аты-жөні белгілі болды

Қорғаныс ведомствосының басшысы ұшқыштардың денсаулық жағдайын бақылауға алып, олардың отбасыларына қажетті көмек көрсетуге нұсқау берді.

Министр барлық белгіленген шараны орындауға шұғыл кірісуді тапсырды.

Қарағанды түбіндегі әскери ұшақ апаты

16 сәуір күні кешке қорғаныс министрлігі Қарағанды маңында әскери ұшақ апатқа ұшырағанын хабарлады. Қозғалтқыштан өрт шығып, ұшқыштар ұшақты елді мекеннен алыс алып кеткен. Экипаж катапульта жасап үлгерді, алайда әскерилер жарақат алған.

Қорғаныс министрі апатты тергейтін комиссия құрды.

Екі ұшқыш та тәжірибелі екені айтылып отыр. Жалпы ұшу уақыты 1161 және 888 сағат.

Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес, ұшақ 1991 жылы шығарылған. МиГ-31 ұшағы Қазақстанда төртінші рет апатқа ұшырады. Бұған дейін мұндай ұшақтар 2007, 2008 және  2013 жылдары апатқа ұшыраған.



sputniknews.kz