Қорғаныс министрі тәжік-ауған шекарасында қаза болған қазақстандық бітімгершілерді еске алды

0

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев тәжік-ауған шекарасында қаза болған қазақстандық бітімгершілерді еске алды, деп хабарлайды KzNews.kz.

«Бүгін біз 1995 жылғы 7 сәуірде тәжік-ауған шекарасында қаза болған қазақстандық бітімгершілерді еске алудамыз. Барлық тарихи және саяси қиын-қыстау кезеңдерге қарамастан, жауынгерлеріміздің ерліктері мен батылдықтарының нышаны болған және бола беретін соғыс аяқталды. Әрқайсысыларыңыз өліммен бетпе-бет келіп, қасқайып тұрып, өз әскери борыштарыңызды лайықты түрде орындадыңыздар.

Ерлік туралы үнемі айту қажет. Себебі, оны соғыс және бейбіт күндері айтатын уақыты және орны бар. Интернационалшылардың ерлігі мəңгі жүрегімізде сақталады. Қазақстан əскери қызметшілерін Тəжікстанда еске алып, құрмет тұтады. Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жəне тапсырмасы бойынша 2007 жылы Душанбедегі саябақта тəжік əріптестеріммен бірге 90-шы  жылдардың ортасында ТМД-ның оңтүстік шептерін қорғап, қаза болған əскери қызметшілерге ескерткіш орнатылған кезде көзім жетті.

1995 жылғы 7 сәуірде тәжік-ауған шекарасында Тәжікстан Республикасының Пшихавр тау шатқалында  7-ші құрама бітімгершілік ротасы тараптың іргелес шекарасына содырлардың кенеттен қарулы шабуыл жасауына тап болды. Қарсыластың басымдық күшімен болған төрт сағатқа созылған тең емес ұрыс барысында жауынгерлеріміз өздерінің әскери борыштарын абыроймен орындап, Әскери антқа адал болды. Бұл қантөгіс ұрыста 17 жауынгер қаза тапты, 33-і жарақат алды.

Құрметті локальді соғысқа қатысқан ардагерлер Сіздерге мықты денсаулық, отбасылық береке және Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі үшін сарқылмас күш-қуат тілеймін. Небір қиындықтарды бастан кешірген локальді соғысқа қатысқандар бүгінде жойқын күш болып табылады. Белсенді өмірлік ұстанымдарыңыз бен өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беруде қосып жатқан үлестеріңіз үшін шексіз алғысымды білдіремін.» делінген еске алу хатында.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз