Қордайдағы жантүршігерлік автобус апатына қатысты тың дерек шықты

0

Жамбыл облысында жол апатын жасаған автобус жүргізушісі қамауға алынды

НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір — Sputnik. Жамбыл облысының Қордай ауданындағы жантүршігерлік апатқа кінәлі деген күдікке автобус жүргізушісі де ілікті. Ол екі айға тергеу абақтысына қамауға алынды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті Тергеу басқармасы бастығының орынбасары айтты.  

Қордайдағы жол апатының фотолары жарияланды  

«Сол күні оның ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-ші бөлігі бойынша іс-әрекеті сараланып, аудандық соттың қаулысы негізінде 2 ай мерзімге қамаққа алынды. Яғни, көлік құралын жүргізуші  «екі немесе одан көп адамның өліміне ұштасқан жол қағида ережелерін бұзды» деген күдікке ілінді. Егер оның іс-әрекеті сотта дәлелденсе, оған 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін», – дейді Жамбыл облыстық полиция департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасары Жарасқан Ақбердиев.

Қордай маңындағы жантүршігерлік апат

Трагедия сенбі, 20 сәуір күні сағат 05:00-де Алматы-Ташкент тасжолының 181-шақырымында болды.

Toyota Camry жол жиегінде тұрған жүк көлігімен соқтығысқан. Осы сәтте жолда келе жатқан жолаушылар автобусының жүргізушісі апатқа ұшыраған көлікті айналып өтпек болғанда аударылып кеткен.

«Астана» арнасының мәліметінше, оқыс оқиға кезінде 12 адам көз жұмды. Қазір жеңіл көлік жүргізушілеріне қатысты да тергеу жұмыстары жүріп жатыр.   



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз