Қордайдағы қақтығыстан кейінгі үкіметтің бірінші отырысы
Үкімет отырысы премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өтіп жатыр. Бұл Қордайдағы оқиғадан кейінгі министрлер кабинетінің алғашқы отырысы
Үкімет отырысында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы мен 2020 жылдың қаңтар айына бөлінген республикалық бюджеттің орындалуы талқыланады. Сондай-ақ, елде коронавирустың таралуына жол бермеу шаралары сөз болады.
Айта кетсек, дүйсенбі, 10 ақпан күні Қордайдағы қақтығыстан кейін президент тапсырмасы бойынша құрылған комиссияны басқарған Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі қызметіне тағайындалды.
Бұрынғы вице-премьер Бердібек Сапарбаев трагедиядан кейін бірден оқиға орнына барған болатын. Ол жергілікті тұрғындармен кездесіп, қақтығыс салдарынан келген шығынды мемлекет өтейтінін айтты.
sputniknews.kz