Қордайдағы қақтығысқа күдіктінің ауылдастары араша сұрап отыр – Қазақстан жаңалықтары

0
0

Қордайда болған жаппай тәртіп бұзушылық ұйымдастырға күдікті ретінде қамауға алынған Қаракемер ауылынының тұрғыны Мұрат Қибеков есімді азаматтың бауырлары мен ауылдастары қол жинап, оны босатуды талап етіп отыр, деп хабарлайды Stan.kz апарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Мұрат Қибеков

Мұрат Қибеков «зорлық-зомбылық, өртеу, дүние-мүлікті жою, суық қару, жарылғыш заттар қолдану арқылы жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру және оған қатысу» бабымен түрмеге тоғытылған. Туыстарының ойынша,  қақтығыстан соң өткізілген жиындарда елді толғантқан мәселелер жайлы баса айтып, сөз сөйлегені Мұраттың өзіне жұдырық боп тиген болуы мүмкін. Болмаса, 30 жылдан астам уақыт ұстаздық еткен азаматтың үй өртеп, жаппай төбелес ұйымдастыруы, тіпті ақылға қонымсыз, дейді олар. Сондықтан, бауырлары мен ауылдастары қол жинап, президентке сот шешімі әділ болсын деп хат жазып, Мұратты босатуын сұрап отыр.

Көпшілік Мұраттың адал және шыншыл азамат екенін атап өтті. Айтуларынша, оқиға болған күні ол аудан орталығына айлығын алуға барған.

«Қордайға айлыққа кеткен. Одан кейін ол үйде болды. Ол жаққа барған жоқ. Ол біздің үйдің жалғыз асыраушысы. Мен, енді, ауру қызыммен отырғаннан кейін жұмыс та істей алмаймын. Себебі, бұл кісіге бір адам қарау керек», – деді күдіктінің жары Лилия Ошақбаева.

Оқиғада кейін бір жарым айдан соң, 27 наурызды Мұратты полиция аудан прокурорының қаулысын көрсетіп, үйді тінтіп, қамауға алған. Бірақ күдік тудыратын ешнәрсе таппаған.

Ал Мұраттың достары мен әріптестерінің айтуынша, бұл жағдайда бір шикілік бар. Олар қақтығыстан кейінгі жиындарда айтқан Мқраттың сөздеріне өзіне жұдырық болып тиді ме деп ойлайды.

«Мұратқа әділ шешім шығарып, тезірек босатса екен. Мұраттың ешқандай кінәсі жоқ. Ол ауыл үшін көп мәселе көтерген», – деді Қаракемер ауылының тұрғыны Руслан Манатбергенов.

«Сол кісіні көтерілте көрдік деген полиция қызметкерлері өтірік ақпарат бергені үшін іске тартылуы керек», – деді Мұрат Қибековтің әріптесі Самат Өтербаев.

Туыстарының айтуынша, Мұрат әлдебір құқық қорғау органдарыныі куәлігімен қамауға алынған. Ал одан басқа бұл іске қатыстылығын дәлелдейтін ешбір айғақ жоқ.

Қазір уақытша тергеу изоляторында жатқан азаматпен отбасы бір-ақ рет бейне байланысқа шыққан. Одан бері бір ай өткен.

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз