Қордайдағы қақтығыс: Тоқаев маңызды тапсырма берді

0

Мемлекет басшысына үкіметтік комиссияның Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Масаншы, Қаракемер, Сортөбе, Ауқатты және басқа да ауылдардың тұрғындарымен өткізген кездесу қорытындысы бойынша мәлімет берілді

НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан — Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Қордай ауданында болған жағдайды Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевпен талқылады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.  

Мемлекет басшысына үкіметтік комиссияның Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Масаншы, Қаракемер, Сортөбе, Ауқатты және басқа да ауылдардың тұрғындарымен өткізген кездесу қорытындысы бойынша мәлімет берілді.

Президент елдегі тұрақтылықты, ұлттар мен этностар арасындағы бірлік пен ынтымақтастықты сақтауға бағытталған шаралар қабылдау үшін бірқатар нақты тапсырма берді.

Тағы оқыңыз: Қордайда дүнгендермен кездескен мәжіліс депутаты эмоциясын ұстай алмады

Кездесу барысында Жамбыл облысындағы дүнген қауымының жергілікті қазақ қауымдастығымен араласуына, қазақ тілін үйренуіне, мемлекеттік органдарға құрметпен қарауына қатысты мәселелерге баса мән берілді.

 



sputniknews.kz