Қордайдағы оқиға — Қазақстан жаңалықтары

0

Жамбыл облысында орын алған кикілжіңді ұлтаралық немесе қоғамдық қақтығыс деп атауға келмейді. Осы орайда аймақта көп айтыла бермейтін бірнеше факторды ескеріп өткен жөн. Қордай ауданы шекараға жақын орналасқандықтан бұл жерде контрабандалық әрекеттер, сыбайлас жемқорлық пен есірткі тасымалы бар екендігі жасырын емес, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Вечерний Бишкек» басылымына сілтеме жасап. 

Басылымның мәліметінше, жаппай тәртіпсіздіктің себебі ұлтаралық қақтығыс делініп жүр екен. Алайда түптеп келгенде шиеленістің артында Қазақстанның оңтүстігінде есірткі саудасын қадағалайтын Серік Голованың өзі тұрған көрінеді. 

Ескеріп кетерлік жайт, осыдан бірнеше күн бұрын қылмыстық топтың басшысы полицейлердің қолына түсіп, артынша абақтыға жабылыпты. 

Бұл нұсқаны бірнеше лауазымды тұлғалардың жұмыстан кетуі де растап отыр. 

«Біріншіден, қарайым тұрғындарда оқ-қарудың болуы, екіншіден жергілікті шенеуніктер мен полиция басшыларының лауазымдарынан айырылуы Қордайдағы оқиғаға қылмыстық топтың қатысы бар деген ақпараттың шынайылығын меңзеп отыр», — деп жазыпты басылым. 

Бұл туралы қазақстандық саясаттанушы Айдос Сарым да өз пікірін білдіріп кетіпті. 

«Болған оқиға — бірнеше жыл бойы жалғасып келе жатқан жағдайлардың себебі. Мен бұны тұрмыстық жанжал деп айтпас едім. Мұның артында үлкен дау тұр. Кикілжіңге үшінші жақтың қатысы бар. Егер болжайтын болсақ, ол, әрине, қылмыстық топ. Аймақ шекара маңында орналасқан. Сол себепті бұл нұсқаның рас болуы ғажап емес», — деді сарапшы. 

Естеріңізге салайық, 7 ақпан күні Қордай ауданындағы бірнеше ауылдарда жаппай тәртіпсіздік орын алған еді. Оқиғаның салдарынан 10 адам қаза тауып, жүз жетпістен астамы жарақат алған. ОСнымен қатар Масанчи, Ауқатты ауылдарында бірнеше үй мен сауда нысандары қирап қалған.

Осы оқиғаға байланысты президент Жамбыл облысындағы бірнеше тұлғаны жұмыстан босату туралы бұйрық шығарды. Бұған қоса облыс әкімі Асқар Мырзахметов те әкім лауазымын ерікті түрде бас тартты. Сөзінше, болған жағдайдан кейін әкім болып отыруға шенеуніктің ұяты жібермепті. 

 

 

stan.kz