Қордайдағы апат Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтты

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қордайдағы автобус апатына байланысты үкіметке шұғыл түрде шара қабылдауды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Трагедия бүгін сағат 05:00-де Алматы-Ташкент тасжолының 181 километрінде болды. Апат салдарынан оқиға орнында сегіз адам көз жұмды, 32 адам ауруханаға жеткізілді, алған жарақатынан тағы үш адам жан тапсырды.  

«Қордай трассасында ірі жол-көлік апаты болды. 11 адам көз жұмды. Жарақат алғандар көп. Өзбекстан азаматтары. Қайтыс болғандардың жақындарына көңіл айтамын. Өзбекстан президентіне телеграмма жолдадым. Біздің жолдарымыздағы жағдай қауіпті. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің отырысында айтқан болатынмын. Үкіметке шұғыл шараларды қолға алуды тапсырамын», — деп жазды президент өзінің Twitter парақшасында.

Жамбыл облысындағы апат: 11 адам көз жұмды

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-бабының төртінші бөлігіне (екі немесе одан көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) сәйкес алдын ала тергеу басталды.

Қордайдағы апат: Өзбекстан азаматтарының аты-жөні жарияланды

Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша ІІІМ мен облыстық полиция департаменті қызметкерлерінен жедел тергеу тобы құрылды. Тергеу барысында сот сараптамаларының қорытындысы ескеріле отырып көлік жүргізушілерінің кінәсі анықталады.



sputniknews.kz