Қордайдағы апат: 4 адам аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр – Қазақстан жаңалықтары

0
77

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Бекболат Орынбеков Алматы-Ташкент тас жолында 11 адам қаза болған апат жайлы өзге мәліметтер айтты.

Қордайдағы апат: 4 адам аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр

Жәбірленушілерден сегіз адам әскери ауруханада жатыр, деп хабарлады «24 Хабар» агенттігі.

Орынбековтың айтуынша, 4 адам жансақтау бөлімінде.

Қаза болған 10 адам автобус жолаушысы (барлығы 47 жолаушы мен жүргізуші), біреуі Toyota Camry автокөлігінің жолаушысы.

Естеріңізге сала кетейік, қаза тапқандардың жетеуі – Өзбекстан азаматтары, үшеуі – қазақстандық. Тағы бір жәбірленушінің тұлғасы анықталып жатыр.

stan.kz