Қордайдағы апат: 4 адам аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр — Қазақстан жаңалықтары
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Бекболат Орынбеков Алматы-Ташкент тас жолында 11 адам қаза болған апат жайлы өзге мәліметтер айтты.
Жәбірленушілерден сегіз адам әскери ауруханада жатыр, деп хабарлады «24 Хабар» агенттігі.
Орынбековтың айтуынша, 4 адам жансақтау бөлімінде.
Қаза болған 10 адам автобус жолаушысы (барлығы 47 жолаушы мен жүргізуші), біреуі Toyota Camry автокөлігінің жолаушысы.
Естеріңізге сала кетейік, қаза тапқандардың жетеуі — Өзбекстан азаматтары, үшеуі — қазақстандық. Тағы бір жәбірленушінің тұлғасы анықталып жатыр.
stan.kz