Қордайда шекарашылар есірткі тасымалдаушы мен «тапсырыс берушіні» ұстады
Контрабандалық әрекеттің жолы Қазақстан-Қырғызстан шекарасында кесілген.
Мүгедек әйел Қазақстан мен Қырғызстан шекерасынан канабис шайырын алып өтпек болды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі «Оңтүстік» өңірлік басқармасының Қордай шекара отрядына қарасты «Кордай-авто» өткізу бөлімшесінде 2019 жылдың 17 наурызында сағат 17.15-тер шамасында есірткі іздеуге арнайы үйретілген қызметтік ит көрші елден Қазақстанға қарай жаяу өтіп келе жатқан азаматшаны меңзеді.
— Ол 1980 жылы туған Қырғыз Республикасының азаматшасы (мүгедек — мылқау) екен. Жеке тексеру барысында оның беліне тағам пленкасына оралған 4 полиэтилен пакеті табылды. Шекарашылардың қызметтік итін шатастыру үшін полиетилен пакет пен тағам пленкасының арасына қызыл бұрыш себіліпті. Пакеттерден шыққан 4 кг-нан астам қошқыл жасыл түсті, өткір иісті қатты зат, кейінірек, сараптама қорытындысы анықтағандай – «канабис шайыры» есірткі заты болып шықты. Шекарашылардың жедел қимылының нәтижесінде мүгедек әйелге 20 000 қырғыз сомын төлеуге уәде ете отырып, есірткіні діттеген жерге жеткізуге «тапсырма» берген адам да ұсталды. 1962 жылғы қазақстандық есірткі тасымалдаушыны алыстан бақылап жүріпті, — деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.
Ұсталғандар айғақты затымен бірге Қордай аудандық полиция бөліміне тапсырылды.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz