«Қордай» өткізу бекетін қайта құру жұмыстары күзде басталады

0

Сондай-ақ, ағымдағы жылы «Қарасу» өткізу бекетіндегі көпірді түбегейлі жөндеу жұмыстарын бастау жоспарланып отыр.

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетерінің инфрақұрылымы 20 жыл бұрын салынғандықтан, бүгінгі жолаушылар мен жүк легіне сай келмейді. Сондықтан жаңартуды қажет етеді, деп хабарлайды Zakon.kz. тілшісі.

Депутаттар Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтірінің Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекараларындағы режимді ратификациялау келісімін өзара талқылау барысында, шекара бекеттеріндегі азаматтар мен жүк өткізу мәселелерін көтерді.

«Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бері шекарадан өту сегіз есеге артқан. Сәйкесінше, осыдан 20 жыл бұрын тұрғызылған инфрақұрылым, қазіргі жолаушылар мен жүк легіне сай емес.Əзірше, бірқатар қиыншылықтар бар, бірақ соңғы екі жылда жолаушылар легі азайып келеді. Бүгінгі күні, ішкі қорларымыз арқылы Шекара қызметінің күш-құралдарымен өзіміздің азаматтардың өтуіне жағдай жасаудамыз»,- деді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынабасары – Шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов.

Сондай-ақ, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму Бірінші вице-министрі Роман Скляр мемлекеттік шекарадағы бірқатар өткізу бекеттеріндегі жөндеу жұмыстарының қашан басталатыны туралы хабарлады.

«Біздің және қырғызстандық министрліктің арасында «Сарытөбе» мен «Аухатты» өткізу бекеттерін екі жақтылықтан көп жақтылыққа өткізу туралы келісімге қол қойылды. Ағымдағы жылы «Қарасу» өткізу бекетіндегі көпірді түбегейлі жөндеу жұмыстары басталып, қырғыз серіктестермен 50-50 етіп қаржыландырылатын болады. Сонымен қатар, біз былтырғы жылы Шекара қызметінен «Қордай» өткізу бекетін қабылдап алдық. Биыл жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауды аяқтаймыз. Ол шамамен шілдеде дайын болып, күзде туристік кезең аяқталған соң, қайта құру жұмыстарын бастаймыз.», — деп ойын түйді Роман Скляр.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/